«Қазақстанның жоғары мектебі. Высшая школа Казахстана» журналы 2013 жылдан бастап шығарылады. Шығу жиілігі – жылына 4 рет. Журнал баспа және электронды түрде шығарылады. Журналдағы материалдарды жариялау ақылы болып табылады – 4000 тг.

Журналдың баспа нұсқасы шектеулі таралыммен шығарылады, авторлар арасында, сондай-ақ орталықтың іс-шараларында тегін таратылады. Журналды пошта арқылы жеткізу «Қазпошта» АҚ арқылы жүзеге асырылады. № 76088 – жазылу индексі бар. Журналдың сайты: http://www.higheredu.kz

Басылымның иесі ҚР БҒМ «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» ШЖҚ РМК болып табылады. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде тіркеу туралы куәлік №15650-Ж 05.11.2015 ж. Журнал тоқсан сайын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылады. ISSN 2413-5488 – халықаралық стандартты сериялық нөмірі бар.

Журнал «Қазақстанның жоғары мектебі. Высшая школа Казахстана» келесі бағыттар бойынша ғылыми және практикалық мақалаларды жариялауды жүзеге асырады:

  • Қазақстан Болон процесінде;
  • Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету;
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді интернационалдандыру;
  • Оқыту мен оқытудағы инновациялар;
  • Жоғары білім беруді цифрландыру.

Журналға жариялану үшін ғылыми мақалалар, конференциялар туралы хабарламалар, диссертациялық кеңестердің жұмысы, рецензиялар қабылданады.     Ғылыми нәтижелердің шынайылығы мен маңыздылығы және жұмыстың ғылыми мазмұнының өзектілігі үшін, плагиатты анықтау жағдайларын қоса алғанда, авторлар жауапты болады.

 

 Жариялау мерзімі

Журналдың нөмірі Мақала қабылдау Мақала қарастыру Журналдың шығуы
№ 1 1 ақпанға дейін        2-16 ақпан Наурыз
№ 2 1 мамырға дейін        2-16 мамыр Маусым
№ 3 1 тамызға дейін        2-16 тамыз Қыркүйек
№ 4 1 қарашаға дейін        2-16 қараша Желтоқсан

Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының өкілдерін, жақын және алыс шетел елдерінің ғалымдарын, сондай-ақ магистранттар мен жас ғалымдарды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелерге арналған өз материалдарын біздің журналға орналастыруға қатысуға шақырамыз.