Мақалаларды жазуға қойылатын талаптар

Мақалалар өзекті, жоғары ғылыми деңгейлі, мазмұндаудың жақсы стилі, ұзақ кіріспесіз және қайталауларсыз болуы керек.

Мақалаларды электронды түрде қабылдауы: b.abzalbekov@n-k.kz электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады. Редакция баспа қолжазбаларын қабылдамайды.         

Жариялау үшін қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде бұрын жарияланбаған материалдар қабылданады. Мәтін Microsoft Word редакторында терілген, қарпі Times New Roman, кегль 12, аралығы 1, жиегі – барлық жерде 2 см, теңістіру – ені бойынша, мақаланың көлемі 5-10 парақ болуы тиіс. Авторлардың саны бір мақалаға үш адамнан аспауы тиіс. Нөмірге жариялауға бір автордан кемінде екі мақала ғана (тең авторлықта дайындалған материалдарды қоса алғанда) қабылданады.

Мәтін бойынша саны бес бірліктен аспайтын кестелердің, формулалардың және суреттердің болуына жол беріледі. Суреттер мақала мәтініне орналастырылады, жоғары сапалы, сондай-ақ JPEG форматында жеке папкада болуы керек. Кестелер мен суреттердің астында міндетті түрде нөмірлер мен атаулары болуы керек: «1-сурет. Сурет атауы», «1-кесте. Кестенің атауы». Егер олар мәтінде жалғыз болса, кесте немесе сурет нөмірленбейді.

Редакция материалдарды баспа форматына, бастапқы мағынасын бұрмаламай түзету құқығын өзіне қалдырады. Авторлық материалдар қайтарылмайды.

 

Мақалаларды рәсімдеу тәртібі

Мақаланың 1-ші парағында жоғарғы сол жақ бұрышында ӘОЖ – әмбебап ондық жіктеу көрсетіледі. ӘОЖ – httpss://teacode.com/online/udc/ сайтында анықталады; 

Төменде бір жолдан кейін ортасында мақала атауы бас әріптермен жазылады. Әрі қарай бір жолдан кейін ортасында автор (-лар) туралы толық мәлеметтер көрсетіледі. Төменде тағы бір жолдан кейін мақаланың негізгі мазмұнын ашатын басылым тіліндегі аннотация (4-6 сөйлем, 11 қаріппен) және түйін сөздер немесе сөз тіркесі (5-7 сөз жарияланым тілінде) болуы тиіс.

Автор (-лар) туралы мәліметтердің ішінде Т.А.Ә. толықтай (қалың қаріппен), ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы, ұйымның толық атауы, ұялы немесе үй телефон нөмірі, толық жұмыс немесе үй мекенжайы (пошта индексі көрсетілген)  және электрондық пошта болуы тиіс. 

Одан әрі төмендегі бір жолдан кейін мақаланың негізгі мәтіні (12 қаріппен) орналастырылады.

Әдебиетке сілтемелер төртбұрышты жақшада беттері (егер бар болса) көрсетілген сандармен ресімделеді. Дереккөздер және пайдаланылған ғылыми әдебиеттер (монографиялар, мақалалар, тезистер, авторефераттар, интернет-ресурстар және т.б.) мақаланың соңында «Әдебиеттер тізімі» бөлімінде олардың мәтінде тізбектелген ретімен келтіріледі. Әдебиеттер тізімінде тек мәтінде сілтеме берілетін дереккөздер ғана, мәтінде пайда болуына қарай дереккөздердің нөмірленуі тиіс. Барлық библиографиялық деректер мұқият тексерілуі тиіс. Ұсынылатын әдебиеттер саны: 7-15 дереккөзі.

Әдебиеттер тізімі екі тілде ұсынылады: мақала жарияланған тілде және жеке блокпен ағылшын тілінде (References). Ағылшын тіліндегі блокта әдебиеттер тізімі латын әліпбиін қолдана отырып орыс тіліндегі дереккөздерінің түпнұсқа мәтінін сақтап және транслитерация алфавитін пайдалана отырып көрсетіледі. Егер мақала ағылшын тілінде жарияланса, онда әдебиеттер тізімі тек ағылшын тілінде беріледі.

https://www.translit.ru/ сайтында әртүрлі жүйелерді пайдалана отырып, орыс мәтінін латын әліпбиіне транслитерациялау бағдарламасын тегін пайдалануға болады. Түрлендірілген әдебиеттер тізімінің әр нөмірінің соңында дөңгелек жақшада осы дереккөздің түпнұсқа тілін ағылшын тілінде көрсету керек. Мысалы, (in Russian), (in Kazakh).

Әдебиеттер тізімінен кейін мақаланың атауын, аннотация мен түйін сөздерді (ортасына теңістіру) ұсыну қажет: егер мақала қазақ тілінде жазылған болса, осы жерде мақаланың атауы, аннотация мен түйін сөздер орыс және ағылшын тілдерінде беріледі; егер мақала орыс тілінде жазылған болса – мақаланың атауы, аннотация мен түйінді сөздер қазақ және ағылшын тілдерінде беріледі, егер мақала ағылшын тілінде жазылған болса – мақаланың атауы, аннотация мен түйінді сөздер қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Приложение   

Мәтінде сөздерді қысқартуға болмайды, жалпы қабылданғандардан басқа (ТМД, ҒЗИ, ЮНЕСКО). Аббревиатуралар мәтінге тек олар алғаш рет толық ашып аталғаннан кейін ғана жазылады. Мысалы, Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы (бұдан әрі-БПжАҰО).

Суреттер анық, фотосуреттер – жоғары сапалы, диаграммалар – Word бағдарламасы үйлесімді кез келген форматта болуы тиіс.

Сурет астындағы жазу қысқа, бірақ мазмұны бойынша (11 қаріптен) болуы тиіс. Егер сурет басқа басылымнан келтірілсе, оған сілтеме баспа басылымына сілтемеге ұқсас ресімделеді.

Кестелер көрнекті және атауы, реттік нөмірі болуы тиіс. Бағандардың мазмұны олардың атауына сәйкес келуі тиіс. Кестенің ішіндегі барлық деректер 11-ші қаріппен енгізілуі тиіс. Ұсынылатын кесте өлшемі – 1 беттен аспауы керек.

Кестелерді, суреттерді, диаграммаларды мәтінде еске салғаннан кейін орналастыру қажет.

 

Орталықтың деректемелері

ҚР БҒМ «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» ШЖҚ РМК
Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр д-лы, 28, 4-кеңсе
Кбе 16
РНН 620200256368,
БИН 050640004360
БИК HSBKKZKX
ИИК KZ236010111000227192 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Нұр-Сұлтан қ. аймақтық филиалы
Телефондары: 28-75-21, 28-75-24
КНП 710