ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы «Қазақстанның жоғары мектебі. Высшая школа Казахстана» ғылыми-сараптамалық журналының 2019 жылдың №4-ші (28) нөмірін шығаруға дайындалуда. Журналда келесі айдарлар қарастырылған:

       – ҚАЗАҚСТАН БОЛОН ПРОЦЕСІНДЕ;

       – ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ;     

       – ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ

           БЕРУДІ ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУ;

       – ОҚЫТУ МЕН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР;

       – ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ ЦИФРЛАНДЫРУ.

Осыған байланысты, Сіздерді журналға материалдар жариялауға қатысуға шақырамыз. Бір мақаланы жариялаудың бағасы 4 000 тг. Төлем  Орталықтың деректемелеріне сәйкес Халық банкі арқылы жүзеге асырылады. Мақала мазмұнына авторлар жауапты болады.

Дайын материалдарыңызды (Word форматында, автордың суреті Jpeg-форматында) 2019 жылдың 4 қарашаға дейін b.abzalbekov@n-k.kz электрондық поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.